Аэропорт жайлы

«Атырау халықарлық әуежайы» АҚ тарихы

1923 жылдың жазында Кеңес одағында тұңғыш рет Мәскеу-Нижний Новгород бағытында жүйелі әуе желісі ашылды. Ұшулар шетелде шығарылған ұшақтарда жүзеге асырылды. 420 шақырым жолды 4 сағатта ұшып жүрді. Міне осындай бағыттардан, жылдамдықтар мен техникалардан әуе кеңістігін игеру басталды.

Азаматтық авиацияның дамуынан бастап Гурьев әуекәсіпорны өсті және бекіді. Біздің облысымыздың аспанында 1931 жылдан бастап тұңғыш рет Баку-Астрахань-Гурьев-Ембі бағыты бойынша ұшақтар ұша бастады. 1934 жылы Ойыл арқылы Ақтөбе-Гурьев, Орал-Гурьев бағыттары бойынша рейстер ашылды. Осы жылы Қазақстан үкіметінің қаулысымен Гурьевте аэроалаң, бензин сақтайтын қойма және қызметтік ғимарат құрылысы басталды.

1940 жылдың ақпан айында ҚазКСР СНК нұсқауы бойынша Гурьевте Азаматтық әуе флоты Қазақ басқармасы 244 әуежасағы құрылды. Осы уақытта жасақ ПО-2, Р-5, Ща-2 екі моторлы фанерлік ұшақтары пайдаланды. Фашистік Германиямен соғыс Гурьев авиаторларының бейбіт еңбегін бұзды, олар барлық кеңес халқымен өз отанын қорғауға кірісті.

Соғысты жеңіспен аяқтағаннан кейін әуежасақ бейбіт жағдайындағы жұмысқа белсене араласты. Қысқа мерзім ішінде облыста жүйелі әуе жолы ұйымдастырылды. 1946 жылдың аяғында әуежелісінің ұзақтығы соғысқа дейінгі кезеңнен асты.

Көлік жұмысы – жолаушыларды, поштаны, жүктерді тасымалдау – маңызды, бірақ жалғыз «кәсіп» емес. Авиация ауыл шаруашылығымен органикалық тұрғыдан байланысты, әуеден дақылды себу арқылы тың жерлерді игерді, Өзбекстанда мақта дақылдары себілген, Новосибирь облысында ормандарды шолып қарау жүзеге асырылды. Облыста авиациямен жедел медициналық көмек көрсету ерекше орын алады. Әуежасағының көп қырлы қызметінің бір жағы жердің табиғи ресурстарын зерттеу және жердің үстіңгі қабатының гравиметрлік түсірілім зерделенді. Авиация құрылыста және мұнай құбырларына, газ құбырларына, компрессорлық және сорғыштық стансыларына қызмет көрсетуде, Гурьев-Астрахань, Мақат-Кунград темір жолының құрылысында кеңінен пайдаланылды.

Шегірткемен, обамен, холерамен күресте көптеген жұмыстар жүргізілді. 1954 жылы ҚХР шегірткемен күресте көмек көрсетті, бұл үшін естелік тумен марапатталды, ол күні бүгінге дейін облыстық мұражайда сақталған.

Бірте – бірте ұшақ-мотр паркінің қуаты өсті. 1952 жылы ПО-2 ұшағының орнына Ан-2, ұшақтары келді, ал 1956 жылы ЛИ-2 ұашғын пайдалануды игерді. 1955 жылы облыс аспанында Ми-4 тікұшақтары ұша бастады, осы арқылы облыстың мал шаруашылығына жол салынды. Одан кейін 1960 жылы Ми-1 тікұшағы игерілді, оны геологтар мен мұнайшылар өз жұмысына пайдаланды. Алайда сол кезде Гурьевте тікұшақ техникасы алға қарай дамып кете алмады. Оны 1970 жылдан бастап жан жақты қолдана бастады, бұл – Ми-4 тікұшақтары, 1980 жылдың қаңтарынан бастап Ми-8 тікұшақтары.

Гурьев әуекәсіпорны дамуының жаңа сатысы 1967 жыл болды, бұл кезде 50 кісілік Ан-24 жергілікті ұшағын игеру басталды, бұл Гурьев қаласын еліміздің көптеген өнеркәсіптік облыстарымен, Мәскеу, Алматы, Киев астаналарымен әуежолы арқылы байланыстыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар Сібірге, Өзбекстанға шығуға жағдай жасады, Қырыммен, Кавказ денсаулық түзету орындарымен байланыс орнатты. Өздерінің өткен жолында Гурьев авиаторлары По-2, Ща-2, Р-5, Ан-2, Як-12, Супер-аэро, Ли-2, Ан-24, Ми-1, Ми-4, Ми-8 ұшақтарын, тікұшақтарын ойдағыдай меңгеріп, апатсыз пайдалана білді.

Әуетехникасын игерумен қатар жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін жақсарту мәселесі тұрды. Осылайша 1974 жылы біздің авиаторлардың жас ұрпақтарының көз алдында жасанды ұшу-қону жолағы салынды, бұл реактивтік қозғалтқыштары бар Ту-154, Ил-18, Ту-134 қазіргі заманғы ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік берді.
1976 жылы әуе қозғалысын басқару жөніндегі командалық-диспетчерлік пункті салынды, ал 1978 жылы Аэровокзалдық кешен пайдалануға берілді, оның жолаушыларды өткізу қабілеті 300 адам/сағат, арнаулы көлік базасы. 1979 жылы ЖЖМ қоймасы және басқа да көмекші нысандар салынды. 1987 жылы авиациялық-техникалық база кешені барлық диагностикалық құралдарымен, ұшақтарды, тікұшақтарды жөндеу және қызмет көрсету жабдығының жиынтығымен қоса пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта әуеторапта бірнеше кәсіпорын жұмыс жасайды, Гурьев біріккен әуежасағының барлық мүлігі оларға көшті. Сол кәсіпорындарға «Атырау халықарлық әуежайы» АҚ, бұрынғы «Атырауаэопорты», «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдаулар» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК АФ, «КазЭйрУэст» әуекомпаниясы» АҚ жатады.