Атырау Booked
+10°C

Біз спортта үздікпіз!

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде Атырау көлік прокуратурасы шахмат және бильярд ойындары бойынша көлік саласы қызметкерлері арасында екі турнир өткізу ұйымдастырылды, сондай-ақ «Ақ Сұңқар» қоғамдық қор «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облысының филиалы ұйымдастырған спартакиада болып өтті.
Жарыс спорттың алты түрі бойынша өткізілді: волейбол, үстел теннисі, мини-футбол, шахмат, жүгіру, жүзу.
Біздің Қоғамның командасы жарыстарға қатысып, ІІІ жүлделі орынды жеңіп алды!!!
Қызу күрес нәтижесінде спартакиадада құрамалық рух, ұйымшылдық, ауызбіршілік танытқан құрамалар үздік атанды. Біздің құраманың үздік атануына жарысқа дайындығымыз, Қоғам басшылығының қолдауы және басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Құқатов Айбат Тұрғалиұлының үлкен ұйымдастырушылық жұмыстары себеп болды.
Біздің құраманың барлық қатысушыларын құттықтаймыз, табыстар мен алда да толайым табыстар, үлкен жеңістер тілейміз!
- бильярд бойынша 1 орын Аманшиев Асхат, ЖЖМ қызметінің қоймасы;
- бильярд бойынша 4 орын Торғаев Базарбай, ИАҚ ауысым бастығы;
- жүгіруден 1 орын Шынғалиев Олжас, ҰІАҚҚҚ құтқарушысы;
- жүзуден 3 орын Төлешов Ғалымжан, ЖЖҰҚҚ жүкшісі;
Мини-футбол бойынша 1 орын «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ құрамасы жеңіп алды:
1. Шаутенов Әлімжан, ИАҚ әуетехнигі;
2. Мұрзағалиев Алмас, ҰІАҚҚҚ құтқарушысы;
3. Сатиев Ислам, АҚҚ тексеру инспекторы;
4. Амандықов Ілияс, АКҚ жүргізушісі;
5. Шеркешбаев Азамат, ЖЖҰҚҚ жүкшісі;
6. Сақташ Мұхаммед, ЖЖҰҚҚ жүкшісі.

Волейболдан 3 орынды «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ құрамасы жеңіп алды:
1. Меңдіғалиев Дастан, АҚҚ тексеру инспекторы;
2. Ғаббас Иран, ҰІАҚҚҚ құтқарушысы;
3. Нұрқадыров Жақан, АҚҚ тексеру инспекторы;
4. Қалжігітов Бекболат, АҚҚ тексеру инспекторы;
5. Төлешов Ғалымжан, ЖЖҰҚҚ жүкшісі;
6. Жұмабаев Тұрсынбек, ЖЖТҰҚ диспетчері.

18.11.2016 1033