Эйр Астана 2015 жылдың 16 қазанынан бастап Орал қаласына ұшуды қайта бастады
«Эйр Астана» әуекомпаниясы 16 қазаннан бастап Орал қаласына ұшуды қайта бастады, деп хабарлады дүйсенбіде компанияның баспасөз қызметі.
«2015 жылдың 16 қазанынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы Орал әуежайының ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарының 2 кезеңі аяқталғаннан кейін Оралға күнделікті рейстерді қайта бастады», — делінген хабарламада.
Алматы-Орал және Астана-Орал бағыты бойынша ұшулар Airbus A320 және Embraer 190 авиалайнерлерінде орындалады.
Орал әуежайының жөндеу жұмыстарына толық жабылуына байланысты Оралмен әуе қатынасы 2015 жылғы 1 қыркүйекте тоқтатылды.