Атырау Booked
+10°C

Орал әуежайы ұшақтарды 10 қазаннан бастап таңертең және кешке қабылдайтын болады

Қаланың әуе айлағы жоспарланғаннан ертерек іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасап. Бірақ қайта құруды аяқтау үшін күндіз рейстерде үзіліс болады .

 «Әуе айлағында жоспарланған жөндеу жұмыстарының мерзімін қысқарту бойынша шараларды ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен жұмыстардың бас мердігері қабылдады. Сонымен қатар, «терезені» қамтамасыз ету үшін ұшуды таңертеңгі және кешкі уақытта жүргізу жоспарланып отыр, бұл жарық-сигналдық жабдықты орнату жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ ұшу-қону жолағының тігістерін құю жөніндегі жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік береді. Нысанды мемлекеттік қабылдау 2015 жылдың қараша айында басталады», — деп түсіндірді ведомствода.

Қазақстанда пайдаланылатын қазіргі заманғы әуе кемелерін қабылдау бойынша әуежайдың жасанды ұшу-қону жолағының (ЖҰҚЖ) шектеулеріне байланысты ҚР Үкіметі 2014 жылы оны қайта жаңартуға қаражат бөлді. Қазіргі уақытта бас мердігер жолақты кеңейтіп, ұзартты, жабынның жүк көтергіштігін арттырды.

Рульдеу жолындағы және ұшу-қону жолағының орта бөлігіндегі жұмыстарға байланысты әуежай 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап ұшу үшін жабылды.