Атырау Booked
+10°C

Күзгі – қысқы кезеңде ЖҰҚЖ үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Атырау әуежайында Маз – 5434 және 9463 базасында АС – 4000 әуеайлақтық жинау автомашинасы, Орал – 4320 базасындағы шнекоротор, басқа да арнайы техника бар.

ӘК қызмет көрсету үшін сондай – ақ Газ – 33021 базасындағы екі арнайы машина дәретхана – сервис, "АИСТ – 3 П" әк электр қоректенуінің әуеайлақтық тіркемелі көзі, ЗИЛ базасындағы 3пва-4,5 әуеайлақтық ауыз су құюшысы, ЗИЛ базасындағы ӘК-22 автогидрокөтергіші бар.

HOBART қуат көзі сатып алынды және сәтті жұмыс істейді.

2008 жылы КамАЗ автомобильдерінің базасында құм шашқыш және суару-жуу машинасы, сондай-ақ әуеайлақтық тартқыш сатып алынды.

2004 жылы арнайы көлік қызметінің 8 жүргізушісіне КИЛФРОСТ мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңдеу бойынша ӘК қызмет көрсетуге сертификаттар берілді.

15 жүргізушіде өртке қарсы қызмет департаментінің ТТ – ға қызмет көрсетуге рұқсаты бар, АКҚ-ның 8 қызметкерінде "АИСТ-3п"ӘК-нің Жылжымалы электрмен қоректендіру көзіне қызмет көрсетуге арналған сертификаттары бар. Оқытуды "АВИАИСТОК" ЖАҚ өкілі, Мәскеу қаласы жүргізді.

АКҚ негізгі функциялары:

* Әуе кемелеріне перронды қызмет көрсетуді жүргізу жөніндегі жұмыстарды арнайы машиналармен қамтамасыз ету;

* Әуеайлақты пайдалану бойынша жұмыстарды әуеайлақ машиналарымен қамтамасыз ету;

* Арнайы машиналармен қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта арнайы техника саны шамамен 64 бірлікті құрайды, олардың ішінде жауын-шашыннан ұшу-қону жолақтарын жинау бойынша бірегей Амкодор машиналары бар. Сұйық химиялық реагент жағу үшін тіркеме құрылғысы сатып алынды.