Атырау Booked
+10°C

Эйр Астана. Авиакомпанияның ұшқышы есірткімен ұсталды

«Эйр Астананың» ұшқышы Роман Быков Алматы әуежайында есірткімен ұсталды. Бұл ақпаратты авиакомпанияның баспасөз қызметі растады. Айта кетейік, бұл ақпарат бүгін БАҚ-та пайда болды.

«Әуекомпанияда қызметкерлердің алкоголь немесе есірткі тұтынуына нөлдік төзімділік бар. Әуекомпания экипаждың қанында алкоголь немесе есірткі заттарының болуына еркін таңдау әдісімен тестілеуді тұрақты түрде жүргізеді. Роман Быков бүгінгі таңда авиакомпанияның ұшқышы емес, өйткені осы фактіні анықтағаннан кейін ол жұмыстан босатылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.