Атырау Booked
+10°C

Әуежайда наурыз мерекесі

2017 жылдың 7 сәуір күні сағат 11.30-да Атырау қаласының әуежайында Наурыз мейрамы өтті. Мерекеге «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдар» АҚ, «Прайм Авэйшн» ӘК және «Қазаэронавигация» РМК қатысты. Осы кәсіпорындардың киіз үйлері орнатылды. Бұл кәсіпорындардың көптеген қызметкерлері мерекелік киіммен келді. Бесбармақ, қуырдақ, қазы-қарта, бауырсақ, құрт, ірімшік, қаймақ тағамдары дайындалды.

«ҮЗДІК КИІЗ ҮЙ», «Үздік әйелдер ұлттық костюмі", «Үздік ерлер ұлттық костюмі» конкурсының нәтижесі бойынша "Үздік киіз үй» номинациясын «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ ұжымы, ал «Үздік әйелдер ұлттық костюмі» «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ қызметкері Сәкенова Жанар және «Үздік ерлер ұлттық костюмі» "АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ қызметкері Қуанов Бағыт иеленді. Сондай-ақ спорт жарыстары (дартс, арқан тарту, асық, гір көтеру) өткізілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мереке соңында шағын концерт өтті.

Аэропорт наурыз 26.05.2022 1180