«Атырау халықарлық әуежайы» АҚ-ғы инспекциялық аудит
2015 жылдың 11 қазанынан бастап «Астана менеджмент» менеджмент жүйесін сертификациялау жөніндегі органның сараптама комиссиясы «Атырау халықарлық әуежайы» АҚ интеграцияланған менеджмент жүйесінің инспекциялық аудит шеңберіндегі стандарттарға сәйкестілігін тексерді.
Аудиторлар «Атырау халықарлық әуежайы» АҚ қызметтердің және бөлімшелердің жұмыстары мен құжаттамасына тексеру жүргізді. Компания ресурстары да бағаланды, қызметкерлерден интервью де алынды.
Аудит қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ ИСО ҚР СТ 9001:2009; ИСО ҚР СТ 14001:2006; OHSAS 18001:2008 стандарттары бойынша берілген сертификаттардың әрекеттерін растауды ұсынды және компания қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар берілді.