Атырау Booked
+10°C

Хабарландыру!

Хиуаз Доспанова» атындағы «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 25.11.2022ж. №77 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге реттеліп көрсетілетін қызметтерге уақытша өтемдік тарифтер бекітілгенін хабарлайды:

- Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету қызметіне қосылған құн салығынсыз әуе кемесінің максималды ұшып көтерілу салмағына 2 398,46 теңге/тонна мөлшерінде;

- Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне қосылған құн салығынсыз әуе кемесінің максималды ұшып көтерілу салмағына 628,90 теңге/тонна мөлшерінде.

29.11.2022 1984