Атырау Booked
+10°C

Хабарландыру!

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ (Атырау қ., әуежай) барлық мүдделі тұлғаларды 2017 жылғы 26 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 15 - те «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-ның энергия және жарық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің техникалық сыныбында Атырау қ., әуежай, Әбілқайыр хан даңғылы 2 мекенжайы бойынша тыңдаудың өткізілетіні туралы хабардар етеді. «Атырау халықаралық әуежайы»  АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есебі:

- Әуе кемелерінің ұшып-қонуын қамтамасыз ету;

- Әуе кемелерінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошта) болған кезде әуе кемелерінің жолаушылар және жүк-жолаушы сертификатталған типтері үшін қонғаннан кейін 3 сағаттан артық және жүк-жолаушы сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан артық әуе кемесіне тұрақ орнын беру;

- Электр энергиясын беру және тарату.

26.05.2022 113