Атырау Booked
+10°C

ҚҰРМЕТТІ ЖОЛАУШЫЛАР!

Атырау халықаралық әуежайында рейстердің жаңартылуына байланысты сіз үшін қолжетімді екенін хабарлаймыз:

* анықтама бюролары;

* ана мен бала бөлмелері;

* валюта айырбастау пункттері;

* әуебилеттерін сату кассалары;

* Air Astana және Scat әуекомпанияларының кеңселері;

* төлем банкоматтары мен терминалдары;

* VIP-залдар;

* тамақтану нүктелері-алып кету үшін жұмыс істейді;

* багажды орау.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар ұшақтың бортынан/бортына дейін тегін алып жүруге тапсырыс бере алады - санитарды шақыру түймесі терминалдың бас кіреберісінде инвапаркингте орналасқан. Терминал ғимаратында барлық жерде антисептигі бар санитайзерлер орнатылған.Естеріңізге сала кетейік, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 11 мамырдан бастап жолаушыларға, әуежай қызметтерінің қызметкерлері мен экипажға Covid-19 талдауынан ПТР өту міндеттілігі туралы талап алынып тасталды. Сонымен қатар, өзге де санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуда - әлеуметтік қашықтық 1,5-2 м, бетперде режимі, байланыссыз термометрия, сондай-ақ терминал ғимаратына шығарып салушылар мен такси жүргізушілері әлі жіберілмейді. Қызуы жоғары немесе ауру белгілері (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) бар жолаушылар анықталған жағдайда олар әуежай ғимаратына және рейске жіберілмейді.

 

23.05.2022 99