Құттықтаймыз!!!
2017 жылғы 6 мамырда марафон өтті, оған екі мыңнан астам адам қатысты.
Шараны Атырау облысының жеңіл атлетика федерациясы мен Атырау облысының әкімдігі Infinity Fitness фитнес-клубымен бірлесіп ұйымдастырды. Марафоншылардың әрқайсысы екі қашықтықтың бірін таңдай алды - 10 шақырым және жартылай марафонды 21 шақырым.
Біздің қызметкерлер жақсы нәтижелер көрсетті, 10 км жүгіруде – Сосновикова Людмила-САБ инспекторы жүлделі 2 орынға ие болды және 120 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және Infinity Fitness фитнес – клубында жартыжылдық абонемент алды !!!
Шингалиев Олжас - ҰІАҚҚ құтқарушысы өз жас санатында 7 орын алды !!!
Өмірде және спортта үлкен жеңістер тілейміз!!!