Атырау Booked
+10°C

Мобильді отырғызу талондары

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ отырғызу талоны сақталған кез келген мобильді құрылғыдан «Эйр Астана» әуекомпаниясының Атыраудан ішкі рейстеріне тіркелуге мүмкіндік беретін жаңа электрондық сервис — mobile-тіркеуді іске қосты.

Сонымен қатар, республикалық және халықаралық ұшу залдарында тексеру пункттерінде орнатылған арнайы есептеуіш сканер – құрылғылардың көмегімен «Air Astana», «Scat», «Aeroflot», «Bek Air»  әуекомпаниялары әуежайда тіркеу бағанасында берген отырғызу талондарының штрих коды оқылады.

Тексеріп қараудан өту кезінде отырғызу талондарын тексеру оларды жолаушы ұсынатын электрондық тасығыштың экранынан сканерлеу жолымен жүргізіледі. Осылайша алынатын барлық ақпарат авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру деректерінің электрондық базасында сақталады.

Бұл жаңа енгізілім қызмет көрсету сапасын арттырады, сондай-ақ қауіпсіздікті күшейту мақсатында жолаушыларды бортқа отырғызу алдында сәйкестендіреді.

26.05.2022 468