Атырау Booked
+10°C

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ V МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Корпоративтік мәдениетті дамыту және үйлесімді байланысты нығайту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі-Қор) еңбек ұжымдарында Қор компаниялары тобының қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді.

2017 жылғы 12-13 тамызда Ақтау қаласында аумақтық іріктеу жарыстары өткізілді, біздің "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ командасынан Қуанышева Альбина – АҚҚ тексеру инспекторы жеңіске деген керемет ұмтылысын көрсете отырып, үстел теннисінен турнирде 1 орын, Сосновикова Людмила АҚҚ тексеру инспекторы армрестлингтен турнирде 2 орын алды.

Аумақтық іріктеу нәтижелері бойынша спартакиаданың екінші кезеңі 2017 жылғы 6-9 қыркүйек аралығында Астана қаласында суперфиналдарды өткізу болды, онда қорытынды жарыстарда ең мықты командалар кездесті және біздің Альбина тағы да жақсы нәтижелер көрсетіп, құрметті 2 орынға ие болды!!!!

Барлық қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер, сәттілік және мықты денсаулық тілейміз!!!!