Атырау Booked
+10°C

Зиялы азамат ортамызда!

Ғабдуллин Зұлхарнай - мемлекеттік өртке қарсы қызмет полковнигі. 30 жылдан астам мемлекеті қызметінде болып, 1999 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін Атырау әуежайында былтырғы жылға дейін өртке қарсы қызметін басқарып, өзінің білімі мен мол тәжірибесін өрт сөндірушілерге үйретуден еш жалыққан емес.

Ғабдуллин Зұлхарнай мемлекет қызмет кезінде І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «ІІД ең үздік қызметкері» значогімен, «Өрт кезіндегі ерлігі үшін» медалімен және басқа да мақтау қағаздармен, сыйлықтармен марапатталса, әуежайдағы жұмысы кезінде «Төтенше жағдай ардагері» медалімен, «Желтоқсанға 25 жыл» значогімен, Төтенше жағдайлар министрлігі мен облысытық Төтенше жағдайлар департаменті Алғыс хаттарына ие болды.

Зұлхарнай қазіргі таңда «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ–да Төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныс жөніндегі инженер болып қызмет етсе, қазіргі таңда ол Төтенше жағдайлар мен жұмылдыру жұмыс жөніндегі инженер қызметін атқарады.

Зұлхарнай аға әуежай торабындағы барлық кәсіпорындарға өндірістік және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде кеңестерін беріп, сол бағыттағы жұмыстарға басшылық «Бейнет, бейнет түбі – зейнет» дегендей, теккен тердің қайтарымы болар, 2015 жылдың жаз айларында Зұлхарнай ағаны Атырау қаласы Қорғаныс істер жөніндегі біріккен басқарма басшылығы Алғыс хатпен марапаттаса, қазан айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жылдығына байланысты құттықтау іс-шараларының барысында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Зұлхарнай ағаны осындай жоғарғы марапатымен құттықтай отырып, деніне-сарқылмайтын саулық, отбасына-амандық, құт, береке, баянды бақ пен несібе
толы ырыс тілейміз.

11.04.2015 1350