Атырау Booked
+10°C

"Атырау халықаралық әуежайы" АҚ ұшу алаңын тұрақты пайдалану дайындығында ұстау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді қамтамасыз етеді және ұшу алаңының жай-күйі мен ұшуға дайындығын бақылайды.

Әуеайлақ қызметі әуеайлақтың ұшу алаңын әуе кемелерінің ұшуы, қонуы, жермен жүруі және тұруы үшін тұрақты пайдалану дайындығында ұстау жөніндегі іс-шаралар кешенін орындауды жүзеге асырады.

Негізгі міндеттері:

* Әуеайлақ жабындарын пайдалану және ағымдағы жөндеу;

* Әуеайлақта қолданылатын шектеулер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

* Орнитологиялық қамтамасыз ету.